Үстінде киімі жоқ

lat: Ústinde kıimi joq

Дұрыс киімі жоқ, үсті-басы жыртық-жыртық, албажұлбасы шыққан. Құдасының айтқаны: Ей, құда, ү с т і ң д е ж о қ к и і м, деді. Табуын қалың малды қиын, деді. Қызымды қу кедейге бере алмаймын, Байлауым осы соңғы түйін, деді (К. Әзірбаев, Таңд. шығ.). Астықтың әр түрінен алған тұқым, Жемеген көрсе де аштан, адам жұтын. Көзіне көрінгенді қорек еткен, Қашқанның көбінде ж о қ к и і м б ү т і н (О. Шипин, Дастан.). Балалары тағы жүр Күңкіл етіп ұрысып. Әкем сорлы үндемей, Төрде отыр құнысып; Ү с т і н д е т ә у і р к и і м ж о қ, Қаудыр тоны құрысып. Құда келді демейді, Бай елей ме кедейді? (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).